Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X

Жаңалықтар

Сөз тіркесін іздеу
Студенттер ҚР ҰҚК музейінде болды
11.07.2019

2019 жылғы 10 шілдеде ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Кадрлар департаментімен бірлесе отырып, «Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері күні» қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ мемлекеттік заң университеті студенттерінің ведомстволық музейде болуын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы  Терроризмге қарсы орталығының  отырысы туралы
10.07.2019

10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді.

 

Мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері 2018 – 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың аралық қорытындыларын жасады. Осы бағыт бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Заңсыз көші-қон арнасын кесу туралы , Заңсыз көші-қон арнасын кесу туралы
05.07.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша Полиция департаментінің Павлодар ауданы бойынша көші-қон қызметі тобының аға инспекторы полиция капитаны Т.Мурзалиновтың құқыққа қарсы әрекеттерін анықтап, жолын кесті. Ол Қазақстан азаматы И.Оспанов және Өзбекстан азаматы К.Джураевпен келісу арқылы Қазақстан Республикасына Өзбекстан мен Тәжікстаннан заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған.

 

ҰҚК Төрағасы кубогы үшін футболдан турнирдің финалы өткізілді
05.07.2019

2019 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылған күніне орай ҚР арнаулы және құқық қорғау органдары мен қуатты құрылымдар  арасында футболдан Төраға кубогы үшін ашық республикалық турнир өткізілді.

Жарыстың іріктеу мачтары «Номад» спорт кешенінде  (Мичурино кенті) өтті. Турнирге 9 команда қатысты  (ҚМ, ІІМ, ҰҰ, ТЖК, МКД, «А» АМҚ, ШҚ, ҰҚК ).

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицерін  наградтау туралы , ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицерін  наградтау туралы
03.07.2019

2019 жылғы 3 шілдеде Комитет Төрағасы Кәрім Мәсімов Алматы қаласындағы ҰҚК Орталық госпиталінде ҰҚК ШҚ 2027 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары полковник Сергей Викторович Смицкихке І дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды, ол мерзімді қызмет сарбазын граната жарылысынан құтқарып қалған болатын.

 

ҰҚК Төрағасы оған тезірек сауығып кетуді тіледі, сондай-ақ мінсіз қызметі үшін алғыс білдірді.

 

 

Өңірлік каннабистік есірткі жеткізу  арнасының жолын кесу туралы , Өңірлік каннабистік есірткі жеткізу  арнасының жолын кесу туралы
02.07.2019

ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті ҚР азаматтары Е. Ибраимовтың, А. Нуржауовтың және К. Шогайгараевтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, олар аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында оны заңсыз сақтау мен тасымалдауды жүзеге асырған.

 

27.06.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жеке құрамы еліміздің азаматтарымен бірге екенін білдіре отырып, зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарының пайдасына бір күндік еңбекақысын аударды. 

27.06.2019

27 маусымда Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының «Сарыарқа – Антитеррор – 2019» бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуының соңғы сатысы өткізілді.

Орал қ. Полиция басқармасының  қызметкерлерін соттау туралы
25.06.2019

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаменті мен Полиция департаментінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 2019 жылғы 6 ақпанда қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау және Б. Аққұловты қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босату фактісі бойынша Орал қ. Полиция басқармасының қызметкерлеріне, атап айтқанда тергеу бөлімі бастығының орынбасары Е. Есекеновке, есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы М. Сейлевке және есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі З. Кубашевқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

 Трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелерін  соттау туралы ,  Трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелерін  соттау туралы
21.06.2019

2018 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұзақ уақыт бойы Қытайға құрамында алтыны бар кенді контабандалық жолмен шығарумен айналысқан, құрамына Қазақстан Республикасы мен ҚХР азаматтары кірген трансұлттық ұйымдасқан топтың (бұдан әрі – ТҰТ) құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.