Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылымы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, бәрінің заң алдында теңдігінің, адам және азаматтың құқығы мен еркіндігін құрметтеу және сақтау, саяси партиялар және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметтерінен тәуелсіз болу қағидаттарында құрылады.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Президентімен Республика Парламенті Сенатының келісімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады.


1 сурет. ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылымы

струк нб каз.jpg


Дата публикации: 24.02.2017