Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасы

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы алтын (сары) түсті жиекпен (ені 250 мм) көмкерілген, көгілдір (көк) түсті орталық алаңы (диаметрі 750 мм) және көктіктен (көк) түсті сыртқы шеңбері (ені 750 мм) бар дөңгелек қалқан (диаметрі 1000 м) бейнесінен тұрады.
Көктіктен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлеетітк тілде: үстіңгі жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі жағында – «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу (қаріп биіктігі 550 мм) жазылған. Жазу күміс (ақ) түсте орындалған.
Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түсті алаңның үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (сары) негізіне күрең қызыл (қою қызыл) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелердің биіктігі бойынша диаметрі – 750 мм) орналасқан.
Жақұтты жұлдыздың ортасында – кіші қалқан (диаметрі 400 мм) орналасқан.
Алтын (сары) жиектпен (ені 10 мм) көмкерілген көктіктен (көк) түсті қалқанның (ені 40 мм) шеңберін бойлай «НАМЫС: АЙБЫН. ОТАН» деген мемлекеттік тілдегі ұран жазуы (қаріп биіктігі 36 мм) жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – шаңырақ (диаметрі 280 мм) орналасқан.
Эмблеманың негізгі бөлшектерін:
кіші қалқан және шаңырағымен бірге ұран жазылған жұлдызды (орта эмблема);
шаңырағы бар кіші қалқанды ұрансыз (кіші эмблема), өз алдында эмблемалар ретінде қолдануға рұқсат етіледі.
Кіші эмблеманы пайдалану кезінде кіші қалқанның сыртқы шеңберін бойлай жеті күміс (ақ) тойтарма шегенің бейнесі салынады.

 

1_0.png 2.png 3.png
1. Эмблема КНБ РК
Эмблема комитета состоит из знака и совмещенной текстовой части. Предусмотрено упрощенный вариант эмблемы. Основной является полноцветная версия.
2. Упрощенная версия
Используется в тех случаях, когда полутоновая печать невозможна (например, в факсах, шелкографии, вышивке, тиснении).
3. Монохромная версия
Используется в тех случаях, когда полноцветная печать невозможна (например, при разработке макетов для газет или документации).

 

Дата публикации: 24.02.2017