Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі бойынша 2017 жылғы есебі

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» № 202-V Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ары қарай – ҰҚК, Комитет) қызметтердің келесі түрлерін лицензиялайды:

- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

- ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру;

- ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру.

Осыған қоса, бірқатар рұқсат беру құжаттарын береді:

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

- тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу;

- шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ҰҚК Төрағасының № 4 -2015 жылғы[1], № 30 – 2015 жылғы[2] және № 43- 2015 жылғы[3] бұйрықтарымен реттеледі.

1. Ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау

Есептік кезеңде ҰҚК лицензиялау бөлімшесінің қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен жетілдіру бойынша стратегиялық бағдарламалық құжаттарды дамыту аясында жүргізілді[4].

2017 жылы Комитеттің лицензиялау бөлімшесімен рұқсат беру жүйесін дамыту аясында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы рұқсат беру рәсімдері мен лицензиялау бағытындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізілді, саладағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің негізгі үрдістері қайта қарастырылды.

Жүргізілген жұмыстардың негізінде кәсіпкерліктің субъектілеріне қойылатын артық талаптарды жоюға бағытталған рұқсат беру заңнамаларға нақтылы өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалды, соның ішінде бірінші санаттағы рұқсат - АКҚҚ (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) өткізуге лицензия бойынша.

ҰҚК тарапынан «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасына (Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген) АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсатты бірінші санаттан екінші санатқа өткізу бойынша ұсыныс енгізілген.

Аталған нормаларды енгізудің нәтижесінде кәсіпкерліктің субъектілеріне деген талаптар азайтылады, ол өз кезегінде бизнес-ахуалдың жақсаруына және артық әкімшілік кедергілерді жоюға, соның ішінде лицензиялаумен байланысты артық шығындарды кемітуге ықпал етеді.

Көрсетілген заңжоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен мақұлданған жағдайда Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізіледі және де Комитеттің құзырлығын кеңейту жөнінде және келесі нормативтік құқықтық актілер әзірлеп/қайта қарауға енгізу арқылы ҰҚК екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган ретінде айқындау бөлігінде құқықтық негіздемелер туындайды:

 

Нормативтік құқықтық акт

Ескерту

1

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысы

 

АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсатты қызмет түрлерін лицензиялаудан алып тастап, екінші санаттағы рұқсатты беруді талап ететін тізілім түріне енгізу

2

ҰҚК Төрағасының жаңа бұйрығы

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру ережесін және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзге де беру) екінші санаттағы рұқсатты беру бойынша рұқсат талаптарын бекіту және келесі ұғымдарды енгізу:

- «шифрлау (криптографиялық) құралдар» және  «құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдар бар тауарлар»;

-  АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға біліктілік талаптарынан аспайтын рұқсат талаптары.

3

«Қазақстан Республикасы ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығын қайта қарау

«АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жаңа түрі бойынша стандарттпен толықтыру

 

4

«Қазақстан Республикасы ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы

«АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жаңа түрі бойынша регламентпен толықтыру

5

«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығын қайта қарау

АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсат беру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін алып тастау

 

 

2. Реттеу саясатының негізгі нәтижелеріне қорытынды.

Есептік кезеңде ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызметтер Стандарттары Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес келтірілді (ҰҚК 17.07.17ж. № 50нс бұйрығы).

ҰҚК нормативтік құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы әкімшілік процедураларды жеңілдету үшін және құжаттардың өту мерзімдерін қысқарту мақсатында АТҚ және АКҚҚ лицензиялау саласындағы рұқсат беру құжаттарын бекіту (қол қою) бойынша ҰҚК Төрағасының өкілеттіктерін оның орынбасарына (жетекшілік ететін) және 5-қызметтің басшылығына беру жөніндегі Комитеттің көрсететін мемлекеттік қызметтер Регламенттеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілді (ҰҚК 25.10.17ж. № 98нс бұйрығы).

«Е-лицензиялау» Мемлекеттік мәліметтер базасы» ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қолданылуда. Лицензиялау бөлімшесінің Қазақстан Репсубликасының Ақпарат және коммуникация министрлігі өкілдерімен және «ҰАТ» АҚ сарапшыларымен кездесулер нәтижесі бойынша қызмет алушының толық емес ұсынған құжаттар бойынша қызмет көрсетуден бас тартуды болдырмау мақсатында «Е-лицензиялау» АЖ форматтық-логикалық бақылауды – міндетті түрде жолдарды толтыру критерийлерін қарастыру енгізілді.

ҰҚК есептік кезеңде келесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткен:

р/с

Мемлекеттік қызметтің атауы

2017 жылы

(2016 жылы) көрсетілген қызметтер

1.

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру

250 (195)

2.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру

12 (8)

3.

Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

10 (14)

4.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

81 (150)

5.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

2326 (2224)

6.

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу

10469 (10556)

7.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу

899 (670)

Барлығы:

14047 (13817)

2 % артқан

ҰҚК Шекара қызметінің көрсеткен мемлекеттік көрсетілетін қызметтері

 (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес

 бақылау және қадағалау аясына кірмейді)

8.

Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру

6315 (523)

9.

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру

26438 (35882)

 

10.

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін ( суүсті және суасты) кемелердің ( құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру

5000 (5707)

Барлығы:

37753 (42112)

11 % артқан

 

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес (1 және 51 баптар) ҰҚК лицензиялары бар субъектілерге қатысты рұқсаттық бақылау жүргізуге құқығы берілген. Тексерілетін субъектілердің (лицензиаттар) іс-әрекетіне бақылау мен қадағалау жүргізу түрлері Заңмен белгіленетін түрде ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес (141 және 143 баптары) тексерулер жүргізу үшін Комитет тарапынан тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарына қатысты актілер жасалған және бекітілген («Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары  мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығын 13.12.2016 ж. нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14509 болып тіркелген).

Алайда, Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылған бақылау мен қадағалау функцияларын ауқымды ревизия жасау жөніндегі Сараптамалық топтың жұмысы нәтижесі бойынша лицензиаттарды іріктеп тексеруден ақпараттық құралдарды (есептер, хабарламалар, мәліметтер базасын пайдалану т.с.с.) кеңінен қолдануға көшу туралы берген ұсыныстары әзірленген. 

Бұл бақылау түрі, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңымен қарастырылған (137- бабының 3-тармағы 3-тармақшасына) рұқсат беру және (немесе) оның қосымшасын беруге дейінгі рұқсаттық немесе біліктілік талаптарына өтініш білдірушінің сәйкес келуін тексерумен байланысты болмаған жағдайда, тексеру объектілеріне бармай (КК 137-бабының 2-тармағы, 1-тармақшасы) тексеру субъектілеріне ескерту-алдыналу арқылы әсер етуге бағытталған. Қолданылған ескерту-алдыналу шараларының арқасында есептік мерзімде өз еркімен 4 лицензия кері қайтарылды (іс-әрекет жүргізілмеген). Тексерудің өзгеде түрлерін қолдану нәтижелерін талдау барысында лицензиаттар тарапынан Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамаларды жалпы сақтайтынын көрсетті. Дегенмен, есептер мен хабарламаларды уақтылы ұсынбау,  нысандарды толтырудағы қателіктер т.с.с. кемшіліктер кездеседі, олар құқықбұзушылықтарды ескерту мен алдыналу бойынша уақтылы шараларды қолданудың нәтижесінде жойылып отырды (хабарлама-хаттар, «e-license» арқылы лицензиаттарды ақпараттандыру, телефон арқылы кеңес беру). Ары қарай аталған тәжірибе өз жалғасын табады.

 ҰҚК көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға жұмылдырылған штаттық қызметкерлердің саны – 9 қызметкер (ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерін есепке алмағанда).

3. Тәуекелдерді бағалау жүйесін қолданудың тиімділігін талдау.

2017 жылы тәуекелді бағалау жүйесі қолданылған жоқ.

4. Сандық және сапалық (төмендету және арттыру) көрсеткіштердің серпіні.

2107 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 14047 (13817), рұқсат беру құжаттарының 2 % артқанын көрсетеді.

5. Кәсіпкерлік қызмет субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзе асыру нәтижесінде пайдалар мен шығындарға негізделген тұжырымдар, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу нәтижелері.

Қолданылған ескерту-алдыналу шараларының арқасында есептік мерзімде өз еркімен 4 лицензия кері қайтарылды (іс-әрекет жүргізілмеген). Тексерудің өзгеде түрлерін қолдану нәтижелерін талдау барысында лицензиаттар тарапынан Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамаларды жалпы сақтайтынын көрсетті. Дегенмен, есептер мен хабарламаларды уақтылы ұсынбау,  нысандарды толтырудағы қателіктер т.с.с. кемшіліктер кездеседі, олар құқықбұзушылықтарды ескерту мен алдыналу бойынша уақтылы шараларды қолданудың нәтижесінде жойылып отырды (хабарлама-хаттар, «e-license» арқылы лицензиаттарды ақпараттандыру, телефон арқылы кеңес беру). Бұдан ары тексеру субъектілеріне бармай-ақ аталған тәжірибені кең қолдану жалғастырылады.

6. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Ұсыныстар жоқ

7. Реттеуші мемлекеттік органдардың ақпараттық құралдары бойынша деректер.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті колданылатын ақпараттық құралдар толық тізбесі «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген.

8. Саладағы өзін-өзі реттеу туралы ақпарат.

Қолданылмайды.

9. Егер бар болса, тиісті саладағы кәсіпкерлік салада енгізілген реттеудің жүйелі реформалары туралы ақпарат және осы реформалар тиімділігін бағалауды келтіру.

Көрсетілген мерзімде осы салада реттеу реформалары жүргізілмеген.

10. Қолданыстағы, күші жойылған немесе өзгерген реттеуші құралдарды қайта қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың жоспарларын іске асыру жөніндегі ақпарат.

Толық ақпарат есептің 1-тармағында берілген.

11. Реттегіш құралдарды оңтайландырудан кейін жүргізілген қайта құрылымдау туралы ақпарат (бар болған жағдайда).

Болмаған.

12. Келесі жылға мемлекеттік органның реттеу қызметі саласында болжанатын реформалар жоспарлары.

2018 жылы «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасы қабылданғаннан соң көрсетілген саладағы қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасады.

 

[1]«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығы;

[2]«Қазақстан Республикасы ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығы;

[3]«Қазақстан Республикасы ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы

[4] Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің іс-әрекетін есепке алмағанда берілген.   

Дата публикации: 16.03.2018