Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақ жазуының тарихы сөз болған жиын

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың басым бөлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналып, жан-жақты қаралып, ол бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осындай іс-шаралардың тағы бірі ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде өткізілді.

Оған «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының» оқытушысы Құрманғалиева Гүлнұр Төлеуғазықызы арнайы шақырылды.

Іс-шара барысында халқымыздың жазу реформасының мәселелері, қазақ жазуының тарихы, қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы және латын әліпбиіне көшудің маңызы мен ролі туралы ақпарат жеткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ақпараттық түсіндіру мақсатында әзірлеген бейнефильм көрсетіліп, латын әліпбиіне көшуге қатысты мәселелер талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации: 15.11.2017