Телефон доверия
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Телефон доверия
Меню
X
Софья Ахметқызы Әбенова

Әбенова (Ходжаева) Софья Ахметқызы 1923 жылғы 2 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

 

Софья Ахметқызы Әбенова

 

1942 жылы 18 жасында ерікті түрде майданға аттанады. Онда Сталинград түбіне түседі де, одан әрі соғыстың соңына дейін аңызға айналған 65-ші армия штабында офицерлік лауазымда әскери цензоршы болып қызмет етіп, оның құрамында Волгадан Одерге дейін жетеді. Отандық және шетел наградаларына ие болады.

Ол соғыстың барлық ауыртпалығын көтере білді, әсіресе Сталинград түбінде, Дон даласы тоқтаусыз ұрыстың дүрсілі мен дүмпуінен күңіренген оның 200 күні мен түнін өткереді. Ол ажал мен қауіп-қатер маңына жоламайтындай, үрейсіз сезімде болды.

Сол кездері Әбенова қолына қару алып, тікелей ұрысқа шықпаса да, армия штабын күзету бойынша вахтада атуға тура келген жайттар болған. Майданда әртүрлі жағдай болатын. 

Майдангер ретінде Софья Ахметқызы да соғыс тарихының кейбір сәттерін, әсіресе қай жерде болмасын: окопта, шабуыл алдында немесе ұрыстан кейін жазылған ескі майдан хаттарын сақтаған. Ол сол бір отты жолдарды жүрегі шымырламастан оқи алмайтын, олар адами сезімнің тұтастай тізбегін: өмір, махаббат, өлім және жауға деген өшпенділікті көрсететін. Тіптен, соғыстың өзінде адамдар өмірге, оның қасқағым көріністеріне қуанатын, оларға сондай-ақ бар күш-жігерін, тіпті өмірін де аямастан соғысу ұғымы тән болатын. Осындай мазмұндағы хаттар «Әскери цензурамен тексерілген» деген мөртабанмен дереу өткізілетін. Ол кезде әскери цензоршы барлық хаттарды – майданнан және майданға  жөнелтілетінн пошталық үшбу хаттарды түгел оқитын, себебі мемлекеттік және әскери құпияны сақтау үшін соғыс уақытының заңы осындай еді.

Майданда Софья Ахметқызы белгілі бір дәрежеде алдыңғы шептегі окоптар мен жертөлелерді мекендеушілер үшін «туған әпке» мәнінде болатын, ол олардың көпшілігін хаттары бойынша, ал енді біреулерін жазулары бойынша есте сақтайтын, мұндай хаттарды ол дереу өткізетін. Оған хаттардан сарбаз жүрегін түсіну қиын болмаушы еді. Олардың көпшілігі хат жаза отырып, К. Симоновтың «Күт мені» өлеңінен немесе сүйіктісінен ұзақ уақыт бойы хат алмаған жауынгер туралы айтылатын «Вася-Василек» әнінен жекелеген жолдарды келтіретін. Хат авторлары өздерінің ыстық сезімдерін, сағынышы мен лебізін жеткізу үшін сөздер мен теңеулерді дәл таба білетін.

Соғыстан кейін, зейнетке шыққанға дейін Софья Ахметқызы Қазақстан МҚК Орталық аппаратында жұмыс істеді. Кадрлар бөлімінің жедел уәкілетті өкілі, одан кейін Кадрлар аппараты хатшылығының бастығы болды. Ерікті жалдамалы бола жүріп, МҚК Хатшылығында инспектор болып жұмыс істеді, нақты жұмыс регламенті мен кестесіне сәйкес құпия іс жүргізуді жүргізді.

«Ер ақылы – баста, әйел ақылы – жүректе», - дейді халық даналығы. Оның жұбайы Кәкен Әбенов еске алғандай, Софья жүрек ақылымен ерешеленетін. Ар мен адамгершілік – адамның ең жақсы ескерткіші!

Ол 1994 жылғы 26 ақпанда дүниеден өтті.

Отанға адалдығы мен ар-ожданы үшін мәңгі тағзым.               

Дата публикации: 10.12.2019