Телефон доверия
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Телефон доверия
Меню
X
П.Омольченко қатысты

Отставкадағы лейтенант Омольченко (Понамарева) Полина Максимовна 1924 жылғы 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Алеексеевка ауылында шекарашылар отбасында дүниеге келді.

 

1


Полинаның балалық шағы Қытаймен шекарада өтті. Оның әкесі шекарашы болған. Ол малды конфискациялау және тұтас шаруашылықтарды ұжымдастыру уақыты болатын. Ал, ата-аналарының отбасы тұрған жер тегін емес еді – Алтайдың алтын кені орындары болатын, ол жерге шақырылмаған «қонақтар» жиі келетін еді. Олардың қолынан Полинаның әкесі, шекарашы-оқшашаршы ол үш жаста болғанда қаза болып, кішкентай қызды офицер Максим Понамарев асырап алған болатын.


Отызыншы жылдардың басында оның отбасы Әулие-Атаға (Тараз) келеді. Полинаның балалық шағы осы жерде жалғасады. Ал, 1942 жылы он сегіз жасар офицер қызы жергілікті әскери комиссариатқа келіп, ерікті түрде майданға жазылады. Осылайша ол Дон майданының ІІХК ерекше бөлімінің қарамағына, одан кейін Оңтүстік-Батыс майданына түседі.

 

2


Жиырма жасында Бухарест қаласы үшін ұрыста жарықшақпен көзінен жараланып, жанарсыз қала жаздайды. Алайда оны өзі мүгедек арбасында болған кәрі профессор дер кезінде құтқарып қалады.
Соғыс жолымен Полина Максимовна Румыния, Болгария, Венгрия, Австриядан өтеді. Осы жылдар бойы туған үйін, Әулие-Атаны сағынып жүреді. Бірде Румынияда үлкен үйге кез болып, оның төбесінен байланысшы Саша радиоқабылдағыш тауып алады. Керекті сигналдарға реттей отырып, барлығы диктордың дауысын тыңдай бастайды, ол Күләш Байсейітованың орындауындағы «Гәкку» әнін хабарлайды. Осы кезде қазақ әуенін естіп, Қазақстанның бір сарбазы жүгіріп келеді. Полинаның жас парлаған көздері еріксіз осы сарбазға түсіп кеткен еді, ол да көзін сүртіп тұр екен...

 

3


Майданда Полина Омельченкоға мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанты әскери атағы берілді. Сонымен қатар «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» және басқа да бірнеше медальдармен наградталды.


    Полина Максимовна Жамбылға тек 1946 жылы оралып, офицер Дмитрий Омельченкоға тұрмысқа шығады. Балалары – Татьяна, Саша мен Вова дүниеге келіп, офицерлер әулетін жалғады. Татьяна офицер-шекарашыға тұрмысқа шығып, оның отбасы ұзақ уақыт бойы шекарашы атасы қаза тапқан жерде тұрды.
Александр нағыз полковник болды, ол Свердловск өрт сөндіру-техникалық училищесін бітіріп, осы салада көп жыл жұмыс істеді.


Немересі Игорь – Алматы жоғары өрт сөндіру училищесінің түлегі. Төрт баласы, жеті немересі мен алты шөбересі барлық отбасылық мерекелерде бірінші кезекте жер бетінде ізгілік ізін қалдырған офицер қызы, офицер жары, офицер анасы Полина Максимовнаны естеріне алады.


Полина Максимовна Омольченко тек жақындарының ғана емес, барша ел азаматтарының есінде мәңгі қалары сөзсіз.    

 

Дата публикации: 16.03.2020