Телефон доверия
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Телефон доверия
Меню
X
Ф.Ф.Озмительге қатысты

Кеңес Одағының Батыры Озмитель Федор Федорович 1918 жылы Ақтөбе облысы Мартық ауданы Линовицкое ауылында шаруалар отбасында дүниеге келген, украин, КОКП мүшелігіне кандидат. Әскери қызметке шақырылғанға дейін 1938 жылғы шілдеде мұғалім болып жұмыс істеп, одан кейін ІІХК органдарына шақырылады. Ленинград әскери училищесін аяқтаған. 1941 жылы Ленинград және Мәскеу үшін ұрыстарға қатысқан. Алғашқы офицер-чекистердің қатарында жау тылында әрекет ету үшін барлаушыларды даярлау орталығы болып табылатын Ерекше мақсаттағы жеке мотоатқыштар бригадасына – ЕМЖМБ-ға алынады.

 

ф

 

 

1942 жылғы ақпанда Озмитель бастаған «Грозный» барлау-диверсиялық тобы арнайы тапсырмаларды орындау үшін неміс тылына жіберіледі.

 

Теміржол мен коммуникациялар торабы, әуе айлақтары, қару мен оқ-дәрілер қоймалары және қарсылас әскерлері тоғысқан Витебск, Орша, Смоленск ауданы фашистік басқыншылық кезінде партизан соғысының аренасына айналды.

 

1942 жылғы тамызда гитлершілердің тұтас бір дивизиясы үшбұрышта партизан жасақтары мен бригадаларына қарсы шабуыл бастады. Алғашқы соққыны атына заты сай «Грозный» жасағы өзіне алды. Ол екі күн бойы гитлершілердің тегеурінін ұстап, оқ-дәрілер таусылған кезде ғана командирдің бұйрығы бойынша кетті.

 

Ерекше жасақ Үлкен жерге шақыртып алынып, лайықты демалысын алды.

 

1943 жылғы мамырда жасақ тағы да жау тылында болды. Озмитель бастаған 25 автоматшы гитлерлік ставканың жазғы жоспарлары туралы құнды мәліметтер берген неміс офицерін майдан шебі арқылы өткізуде беларусь партизандарына көмек көрсету үшін парашютпен тасталады.

 

18 ай бойы «Грозный» жасағы Смоленск және Минск облыстарындағы неміс тылын талқандады. Минск-Мәскеу тасжолындағы көпірлер үш рет көкке көтерілді. Қарсыластың шамамен 20 кәсіпорны мен қоймасы жарылып, Витебскідегі бу құбыры істен шығарылды, 27 әскери эшелон жолдан ауытқып, жаудың 2 мыңнан артық сарбазы мен офицері жойылды. «Грозныйдың» партизандары гитлерлік қолбасшылықтың «майдан – Берлин» байланыс желісін 15 рет кесті.

 

1944 жылғы маусымның басында гитлершілер қайтадан партизандарды жоюға ұмтылды. Жазалаушылардың ірі күші Минск облысының Борисовский ауданындағы Палик көлі ауданында бірнеше партизан бригадасы мен жасағын қоршап алды. Ол жерде сол уақытта Иван Федорович Золотарь басқарған «Артур» барлау-диверсиялық жасағы әрекет ететін. Осы жасақта барлаушы-радист ретінде павлодарлық Саворовская Татьяна Николаевна да болатын. «Артур» жасағы кейіннен Кеңес Одағының Батыры болған Дядя Коляның – Петр Григорьевич Лопатиннің партизан бригадасына кіретін.

 

Екпінді соққымен партизандар қоршауды бұзып өтеді. Жау пулеметінің кезегі Озмительдің аяғын опырып жібереді. Жауынгерлік достары оны алып шыққысы келеді, бірақ Озмитель жауды кідірту үшін біреу қалу керек екенін түсінген болатын.

 

- Шегінуге бұйырамын. Мен кідірту үшін қаламын...

 

Партизандарға біраз уақытқа дейін соңдарынан автомат даусы естіліп тұрды да, кейіннен жарылыс даусы құлаққа келді. Озмитель соңғы гранатамен өзін және оны қоршаған фашистерді жарып жіберген болатын.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1944 жылғы 5 қарашада майдангер барлаушы Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағын қаза болғаннан кейін берді.

Дата публикации: 29.04.2020