Телефон доверия
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Телефон доверия
Меню
X
ДИХАНБАЕВ АБДУЛЛА ОРАЗБАЙҰЛЫ

ДИХАНБАЕВ АБДУЛЛА ОРАЗБАЙҰЛЫ

 

Майор Диханбаев Абдулла Оразбайұлы 1904 жылы Қостанай облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Дала ауылының тумасы, табыншы әулетінің ұрпағы жоқшылық пен мұқтаждық жағдайында өсті, байларға жалданып жүріп, өздігінен білім алумен айналысты. Мектепті аяқтағаннан кейін Омбы қаласындағы «Жұмыс факультетінде» оқыды. 1924-1925 жылдары Федоровск аудандық атқару комитетінің салық бөлімінде жұмыс істеді. 1925-1928 жылдар кезеңінде Қостанай қаласы аймақтық қаржы бөлімінің ревизоры болды.

 

2

 

1927 жылы А. Диханбаев КОКП мүшелігіне қабылданып, осы уақыттан бастап КСРО ІІХК органдарында жұмыс істеді. Қызметін Қостанай облысы бойынша БМСБ-ның жедел уәкілі болып бастады.

 

1930 жылғы наурыз бен 1931 жылғы қаңтар аралығында Қарақұмда Абдугафаровтың бандасын жоюға қатысқан. Ол төңкеріске қарсылармен табысты күрескені үшін атаулы қарумен наградталған. 1939 жылдың наурызында ІІХК Гурьев облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

 

3

 

Соғыс басталардан бұрын мұнайлы Гурьевте шетел агентурасының белсенділігі артқан болатын, осы тұста чекист жергілікті қарсы барлауды басқарған еді. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ ол майданға ұмтылады, салыстырмалы түрде тылдағы қауіпсіз жұмыс көңілінен шықпады. 1942 жылы барлық ағаларына (Нұрғали, Ғайса, Мұқаш) қара қағаз алғаннан кейін ол ерікті түрде майданға бару туралы шешім қабылдайды. Осылайша 1942 жылдың тамызында майор А. Диханбаев МІІК Мәскеу әскери округінің Ерекше бөлімінің қарамағына іссапарға жіберіліп, онда 10-шы Гвардиялық жеке механикаландырылған бригаданың Ерекше бөлімінің бастығы болып тағайындалады. «Мен, әйтеуір, өзімнің ұрысқа қатыссам деген арманымның орындалуына қол жеткіздім. Мәскеу округіне кетіп барамын...» - деп жазды ол өзінің досына арнаған хаттарының бірінде.

 

1943 жылғы 23 қаңтарда Ростов-на-Дону қаласын гитлершілерден азат ету бойынша шабуылдау операциясында Абдулла Диханбаев ерлікпен қаза тапты. Ол Ресейдің Ростов облысы Багаевск ауданының Красная деген казактар станицасындағы бауырластар моласында жерленген.

 

Отан бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын берген төрт мыңдай кеңес жауынгерінің жаны осы қасиетті орында жай тапты.

 

Мемориалдың басты гранит тақтасында қазақ батыры Абдулла Диханбаевтың есімі әліпби тәртібіне қарай емес, жауынгерлік ерлігіне қарай      бірінші болып тұр...

 

Дәл осы сәтте майданға жолданған туысқандардың кезекті хаты оларға қарай жол тартқан қара қағазбен ұшыраспаған еді. Хат бөгде қолға түседі, алайда ол жауапсыз қалмайды, хатқа жауапта командир Диханбаевтың орынбасары Мельников былай деп жазады: «Бүгін мен отағасы мен әкеге арналған Сіздің хатыңызды алдым. Оны үлкен тебіреніспен оқып шықтым. Маған жазу қиын әрі ауыр соғып отыр, бірақ жазуға міндеттімін, Сіздерді Ростов-на-Донуды азат ету жолындағы ұрыстарда Усьман елді мекенінде біздің бастығымыз, Сіздер үшін отағасы мен әке ерлікпен қаза тапқанын хабардар ету – менің парызым...»

 

Чекист Абдулла Диханбаевтың жесірі Аутай Шоқиқызы бес баланы – Мереке, Марат, Мұрат, Ләйлә мен Светлананы жалғыз өзі тәрбиелеп өсірді. Алғашқы қазақстандық чекистердің бірінің кіші ұлы Мұраттан басқа барлық балалары жоғары білімді адамдарға айналды, ол, өкінішке орай, соғыс бітісімен жүрек талмасынан қайтыс болған еді.

 

Өмірін тұтастай Отан қорғау жолына арнаған Абдулла Оразбайұлы Диханбаевтың жарқын бейнесі ел есінде мәңгі сақталады.

Дата публикации: 24.02.2020