Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

css for mob ver looking good

Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі бойынша 2016 жылғы есебі Артқа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік

қызметтер көрсету қызметі бойынша 2016 жылғы есебі

 

1. Жалпы ережелері

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан (АКҚ АТӘД) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет:

- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды (ары қарай - АТҚ) әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

- ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (ары қарай - АКҚҚ) әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру;

- ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру;

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

- тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу;

- шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу.

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Есептік кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге (рұқсат беру құжаттарын алуға)  13 817 өтініш берілген, оның ішінде:

- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия - 8;

- АКҚҚ әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия - 195;

- ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия - 14;

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған АТҚ әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) - 150;

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) - 2224;

- тауарларды АКҚҚ және жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізуге арналған АТҚ жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу  - 10556;

- шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу - 670.

3) 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санына қарай барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 1 кестеде берілген.

1 кесте. Қызмет көрсетуші тарапынан 2016 жылы барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

№ р/с

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі

Қызмет саны

1

Тауарларды АКҚҚ және жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізуге арналған АТҚ жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу 

10556

2

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын)

2224

3

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу

670

4

АКҚҚ әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия

195

5

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған АТҚ әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын)

15

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпаратты қызмет көрсетушінің - www.knb.gov.kz интернет-ресурсынан,  www.egov.kz және www.elicense.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы, сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша 1414 бірыңғай контакт-орталықтан телефон арқылы ала алады. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43, 76-57-97.

2) «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары  мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығын (13.12.2016ж. нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14509 болып тіркелген) көпшілік талқылау 2016 жылғы 23 қыркүйек пен 3 қазан аралығында жүргізілді.

3) Жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінен келіп түскен хаттар бойынша түсініктеме электрондық түрде беру жұмыстары қызмет көрсетушінің - www.knb.gov.kz интернет-ресурсы арқылы ағымдағы режимде жүзеге асырылады, сонымен қатар, қызмет көрсетушінің 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43, 76-57-97 телефондары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үдерістері бойынша толық ақпарат пен кеңестер беріледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Қазақстан Республикасының ҰҚК-і тарапынан қызмет алушылардан талап ететін құжаттары мен мерзімді оңтайландыру бойынша  жүйелі негізде іс-шаралар жүргізілуде.

2016 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру аяқталды (электрондық нысанға ауыстырылды).

2) «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары  мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығы (13.12.2016ж. нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14509 болып тіркелген) әзірленді және бекітіді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының № 8411 Сараптамалық қорытындысы 2016 жылғы 15 тамызда алынды.

Аталған норма Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына сәйкес, лицензиаттардың іс-әрекетіне лицензиялық бақылау жүргізу аясында әзірленген.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) қызмет алушылар тарапынан 2016 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет алудың белгіленген мерзімін бұзу немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына шағымдар түскен жоқ.

2) ҰҚК-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау жүргізу жүйелі түрде жүзеге асырылады. Ішкі бақылаудың нәтижесі бойынша бұзушылықтар анықталмады.

3) 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттігінің тапсырысы бойынша, «Білім» ҒЗО ЖШС қызметкерлерімен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттануы бойынша халықтың көзқарасын анықтауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізілген. Мониторинг «Техникалық зерттеуді өткізу» қызметі бойынша жүргізіліп, жалпы рейтингі 4,82 балл (5 балдық жүйе бойынша) құрады, ол 90,6 % құрады.

Бағалау 10 көрсеткіш бойынша жүргізілді (қолжетімділік, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі, ақпараттың түсініктілігі мен нақтылығы, көрсетілген мемлекеттік қызметке қанағаттану, тілдік мәселе, қызметкерлердің кәсіби этикасы мен мәдениеті, қызметкерлердің құзырлығы мен жеделдігі, құжаттарды беру мен жинақтаудың үдерісі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімі, сыбайлас-жемқорлықтың болмау).


5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің

перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді

алушылардың қанағаттануын арттыру

2017 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттігінің және «Білім» ҒЗО ЖШС қызметкерлері берген ұсыныстарды ескере отырып, ҰҚК көрсететін мемлекттік қызметтердің сапасын ары қарай арттыру жоспарлануда.

Объективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежелерінің жоғары көрсеткіштері бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылығын ескере отырып, лицензиаттардың ұсынатын есептері мен мәліметтеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 2017 жылға іріктеп тексеру кестесі әзірленді және бекітілді

Дата публикации: 02.03.2017