Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы есебі

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 

мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы

ЕСЕБІ

1. Жалпы ережелер

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен көрсетілетін  мемлекеттік қызмет түрлері:

- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

- ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру;

- ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру;

- ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру;

- шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру;

- тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу;

- шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу.

2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін (рұқсат құжаттарын алу) 802 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

- тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу – 6302;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен арнайы техникалық құрылғыларын әкелу/шығаруға бір реттік лицензия алуға келісу хаты – 25;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен ақпаратты криптографиялық қорғау құрылғыларын әкелу/шығаруға бір реттік лицензия алуға келісу хаты – 209;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен бір реттік лицензия алудың қажеті жоқ арнайы техникалық құрылғыларын әкелу/шығаруға өтініш – 158;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен бір реттік лицензия алудың қажеті жоқ ақпаратты криптографиялық қорғау құрылғыларын әкелу/шығаруға өтініш – 1025;

- нотификацияны тіркеуге өтініш – 126;

- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беруге өтініш – 3;

- ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беруге өтініш – 178;

- ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру – 1.

3) 2015 жылда көрсетілген қызмет саны бойынша барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 1 кестеде беріледі:

1 Кесте. Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

№ р/с

Мемлекеттік қызметтеің атауы

саны

1

тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізуге

6302

2

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен бір реттік лицензия алудың қажеті жоқ ақпаратты криптографиялық қорғау құрылғыларын әкелу/шығаруға өтініш 

1025

3

ҚР АДМ ақпаратты криптографиялық қорғау құрылғыларын әкелу/шығаруға бір реттік лицензия алуға келісу хаты

209

4

ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беруге өтініш

178

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz, «электронды үкімет» веб порталында және 1414 мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары арқылы 8 (7172) 76-57-60, 76-57-22, 76-57-32, 76-57-66, 76-57-67, 76-57-78 алуға болады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау 2016 жылдың 4 сәуір мен 30 сәуір аралығында болады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) қызмет алушлардан келіп түскен электронды хаттары арқылы және www.knb.kz интернет-ресурстары бойынша өткізіледі. Сонымен қатар қызмет берушінің байланыс телефондары бойынша 8 (7172) 76-57-40, 76-57-22, 76-57-32, 76-57-66, 76-57-67, 76-57-78 беріледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері жүйелі түрде жүргізіледі. ҚР ҰҚК-мен қызмет беру мерзімін азайту және автоматтандыруы дұрыс жолға қойылған.

2015 жылы жоғарыда аталған жеті мемлекеттік қызмет түрлері ішінара автоматтандырылу кезеңіне өтті. 

Мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландыру мақсатында АКҚҚ және АТҚ тауарларына техникалық зерттеу жүргізу бір мемлекеттік қызметке ауыстырылды.

Сонымен қатар, АКҚҚ өндіру, жөндеу түрлерін лицензиялау қысқартылды.

2) ҚР ҰҚК қызметкері «Қазақстандағы ықпал реттеуіш негізін талдауды бекіту» (ҚР ҰЭМ және  THE WORLD BANK) тақырыбында семинар-тренинг қатысып, тиісті сертификатын алды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мақсатында рұқсат беру жүйесінде нормативті-құқықтық актілері жасалды:

- ҚР ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтарда №4 «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Бұйрығы бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді (2015 жылғы 17 наурыз №10473 ҚР Әділет министрлігінде тіркелді);

- ҚР ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірде №30 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Бұйрығы бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді (2015 жылғы 16 маусым №11360 ҚР Әділет министрлігінде тіркелді);

- ҚР ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 27 мамыр №43 «Қазақстан Республикасы Ұлттык қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік кызмет регламенттерін бекіту туралы» Бұйрығы бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде тіркелді (2015 жылғы 30 маусым №11509 ҚР Әділет министрлігінде тіркелді);

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 маусымындағы №589 «ҚР ҰҚК лицензиар ретінде анықтау туралы» Қаулысы бекітілді.


      4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1)  2015 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары келіп түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау Комитетпен жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұрмалаушылық анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган ҚР Мемлекеттік қызмет министрлігі жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері бойынша бақылау және бағалау өткізілді (респонденттерден сұрастыру бойынша 63,3% – орта деңгей, 30,6% – жоғары деңгей, 6,1% – жауап беруге қиналды).

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингінің 2015 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – 7,7 балл 10 баллдық шкала бойынша. Жалпы қызмет алушылар қызмет көрсетуді жоғары бағалады. Басты ескертпе – қызметті электронды түрде алушылар техникалық міселелерге байланысты қызмет алу жылдамдығының төмен екендігін, және де сайттын жұмысын ретке келтіруді ұсынды. 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары

және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету түгелімен электронды түрге өтті.

Мемлекеттік қызмет көрсету екі тілде жүргізіледі.

Дата публикации: 02.03.2017