Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X

Жаңалықтар

Сөз тіркесін іздеу
ТҚО штабы БАҚ өкілдері үшін семинар өткізді
03.10.2019

2019 жылғы 1 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Терроризмге қарсы орталығының штабы «Діни экстремизм мен терроризм мәселелерін жариялаудағы БАҚ-тың ролі» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. 

Іс-шараға журналистер, ғылыми-сараптау қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

Қайырымдылық шарасы туралы
01.10.2019

2019 жылғы 1 қазанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі кинология орталығының қызметкерлері «Мейірім ерікті қоғамы» қоғамдық қорының «Аутизмді жеңеміз» оңалту орталығының (Алматы қ.) аутист балаларына арналған қайырымдылық шарасына қатысты.

Іс-шара барысында балаларға «Лакки» және «Финка» атты бельгия овчаркалары тыйым салынған заттарды іздеу мен иесінің пәрмендерін нақты орындау бойынша кәсіби әрекеттерін көрсетті.

Қару  мен жарылғыш заттардың заңсыз  айналымына қатысы бар адамдарды соттау туралы
25.09.2019

2019 жылғы 29 тамызда Қостанай облысының Рудный қалалық соты қарудың елестеткіш түрлерін жауынгерлікке қайта жасау бойынша жасырын шағын шеберхана ұйымдастырған
Д. Басакин мен А. Стенинге атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз өткізгені үшін үкім шығарды.

Елімізге ірі көлемде «героин» есірткі құралын кіргізу  әрекетіне тосқауыл қойылды
21.09.2019

2019 жылғы 20 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш ауданының аумағындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері елімізге ірі көлемде героин кіргізудің жолын кесті.

1994 жылы туған «Х» деген Тәжікстан Республикасының азаматы басқарған автомашинаны тексеру кезінде онда жасырын орын жабдықтау белгілері анықталған.

Тереңдетілген техникалық тексеру барысында автомашина бамперынан ерекшелік белгілері бар 12 килограмм зат табылып, кейіннен сараптамамен героин деп танылды.

Орал қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларын соттау туралы
21.09.2019

2019 жылғы 12 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне (К. Намазбаев, Ж. Қайырбаев, Т. Қалиев, А. Балтұрманов, Н. Кенженов және Б. Жақатаев) үкім шығарды.

Қылмыстық топтың іс-әрекеті кесілді
12.09.2019

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып  алу кезінде ұсталған.

Марихуана есірткі затының  заңсыз айналымының жолын кесу туралы
11.09.2019

ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті каннабистік топтағы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар ҚР азаматтары М. Бейсембаев пен Д. Ережеповтің  заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 27 наурызда ҰҚКД көрсетілген адамдарды салмағы 82 кг 343 г есірткі құралдарын өткізбекші болған кезде ұстады.

ҰҚК ШҚ кемесіне әскери-теңіз туын  тапсыру туралы
05.09.2019

2019 жылғы 5 қыркүйекте ҰҚК Төрағасы К. Мәсімов Ақтау қ. теңіз портында ҰҚК ШҚ «Батыс» өңірлік жағалау күзеті басқармасы шекара кемесінің экипажына әскери-теңіз туын және «Нұр-Сұлтан» тақтайшасын тапсырды. 

К. Мәсімов өз сөзінде әскери қызметшілерді атаулы оқиғамен құттықтап, олардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлестерінің маңыздылығын атады, мемлекетіміздің теңіз шебін қорғауда жаңа жетістіктер тіледі.

 

С.Б. Тоқпақбаевқа мемлекеттік награда  тапсыру туралы
03.09.2019

2019 жылғы 3 қыркүйекте ҰҚК Төрағасы К. Мәсімов Орталық аппарат ғимаратында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа салтанатты жағдайда мемлекеттік награда – І дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды. 

К. Мәсімов оның Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.   

 

Каннабистік есірткіні жеткізу  өңірлік арнасының жолын кесу туралы
28.08.2019

ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы аумағына есірткі заттарын жеткізу өңірлік арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматы К. Құсаиновтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде К. Құсаинов 2019 жылғы 1 наурызда өзінің автокөлігімен Қарағанды қаласынан Павлодар қаласына «марихуана» есірткі затының ірі партиясын өңір аумағында өткізу мақсатында жеткізген.