Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X

Жаңалықтар

Сөз тіркесін іздеу
ҰҚО ардагерлерінің халықаралық турнирге қатысуы туралы
03.12.2019

2019 жылғы 29-30 қарашада Санкт-Петербург қаласында ТМД елдерінің әлеуетті құрылымдары мен аурнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен ардагерлерінің арасында бильярд спортынан ашық кубок өткізілді.

Іс-шараға Қазақстаннан, Ресейден, Белоруссия и Молдавиядан 40-тан аса команда қатысты.

Каспий теңізі айлағында балық ресурстарын  заңсыз алудың жолын кесу туралы
29.11.2019

ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада «Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы» РМК лауазымды адамдарының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті, олар одан әрі оны өткізу мақсатында балықтардың бекіре тұқымдарын аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған жергілікті тұрғындарға қамқоршылық жасаған.

ҚХР азаматтарын ұстау туралы
28.11.2019

2019 жылғы 19 қарашада ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚХР екі азаматын уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады.

Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған.

Заңсыз көші-қон арнасының жолын кесу туралы
20.11.2019

2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен өзара іс-қимылда Орталық Азия өңірі елдері азаматтарының Қазақстан Республикасына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған адамдар тобының қылмыстық әрекетінің  жолын кесті.

Қылмыстық топқа Алматы қ. Көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдіктерге құжаттар ресімдеуді жеделдету, оның ішінде № 086 үлгіде жалған анықтама беру жөнінде қызмет көрсеткен бірқатар делдалдар кірген.

Контрабандалық есірткі арнасын жою туралы
14.11.2019

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошталық жөнелтілімдер арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған есірткі тобы әрекетінің жолын кесті.

Жарылғыш заттардың заңсыз айналымына  қатысы бар адамдарды соттау туралы
12.11.2019

2019 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оларға тұтатқыштарды өткізумен айналысқан адамдар тобына қатысты үкім шығарды.

Топқа қатысушылар ҚР ҚК 287-бабы 4-б., 361-бабы 1-б. көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде өтеумен 3 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Трансшекаралық ҰҚТ-ға қатысушыларды соттау туралы
12.11.2019

2019 жылғы 6 тамызда  Талдықорған қ. Мамандандырылған өңіраралық соты ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген «Жаркенттіктер» ҰҚТ жетекшілеріне қатысты үкім шығарды.

Террорға қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы
01.11.2019

2019 жылғы 29 қазанда Маңғыстаудың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Ақтау қ. халықаралық әуежайы аумағында террорға қарсы оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығу мақсаты қатыстырылатын күштер мен құралдардың (мемлекеттік органдар, ұйымдар және т.б.) террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою, оларды анықтап, жолын кесу, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу деңгейін арттыру бойынша өзара іс-қимыл деңгейін арттыру болып табылды.

ШҚО МКД ЭТҚ қызметкерін соттау туралы
29.10.2019

2019 жылғы 3 ақпанда ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ШҚО бойынша МКД ЭТҚ салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы М. Абдрахмановты жергілікті кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын қорқытып алғаны үшін қылмыс үстінде ұстады.

Қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша 2019 жылғы 13 тамызда Өскемен қ. № 2 сотымен М. Абдрахманов кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 366-бабы 3-б. 1-т. «пара алу» бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Жасырын есірткі зертханасының жолын кесу туралы
28.10.2019

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасы іс-әрекетінің жолын кесті. 2019 жылғы 24 қазанда жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде оның жұмыс істеуін ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғыны «А» ұсталды.

Зертхана жайында 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.