Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X

Жаңалықтар

Сөз тіркесін іздеу
Қылмыстық топтың іс-әрекеті кесілді , Қылмыстық топтың іс-әрекеті кесілді , Қылмыстық топтың іс-әрекеті кесілді , Қылмыстық топтың іс-әрекеті кесілді
12.09.2019

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып  алу кезінде ұсталған.

Марихуана есірткі затының  заңсыз айналымының жолын кесу туралы , Марихуана есірткі затының  заңсыз айналымының жолын кесу туралы , Марихуана есірткі затының  заңсыз айналымының жолын кесу туралы
11.09.2019

ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті каннабистік топтағы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар ҚР азаматтары М. Бейсембаев пен Д. Ережеповтің  заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 27 наурызда ҰҚКД көрсетілген адамдарды салмағы 82 кг 343 г есірткі құралдарын өткізбекші болған кезде ұстады.

ҰҚК ШҚ кемесіне әскери-теңіз туын  тапсыру туралы
05.09.2019

2019 жылғы 5 қыркүйекте ҰҚК Төрағасы К. Мәсімов Ақтау қ. теңіз портында ҰҚК ШҚ «Батыс» өңірлік жағалау күзеті басқармасы шекара кемесінің экипажына әскери-теңіз туын және «Нұр-Сұлтан» тақтайшасын тапсырды. 

К. Мәсімов өз сөзінде әскери қызметшілерді атаулы оқиғамен құттықтап, олардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлестерінің маңыздылығын атады, мемлекетіміздің теңіз шебін қорғауда жаңа жетістіктер тіледі.

 

С.Б. Тоқпақбаевқа мемлекеттік награда  тапсыру туралы
03.09.2019

2019 жылғы 3 қыркүйекте ҰҚК Төрағасы К. Мәсімов Орталық аппарат ғимаратында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа салтанатты жағдайда мемлекеттік награда – І дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды. 

К. Мәсімов оның Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.   

 

Каннабистік есірткіні жеткізу  өңірлік арнасының жолын кесу туралы , Каннабистік есірткіні жеткізу  өңірлік арнасының жолын кесу туралы
28.08.2019

ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы аумағына есірткі заттарын жеткізу өңірлік арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматы К. Құсаиновтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде К. Құсаинов 2019 жылғы 1 наурызда өзінің автокөлігімен Қарағанды қаласынан Павлодар қаласына «марихуана» есірткі затының ірі партиясын өңір аумағында өткізу мақсатында жеткізген.

Синтетикалық есірткі заңсыз  айналысының жолын кесу туралы
20.08.2019

ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «Xoxoclub.biz» Ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы  Д.Яковенконың (1985 ж.т.) заңсыз іс-әрекетін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «Xoxoclub.biz» сайтын анықтады. 

«Марихуана» есірткі құралы заңсыз  айналысының жолын кесу туралы
17.08.2019

ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті каннабис есірткі құралы заңсыз айналысына қатысы бар, құрамына бұрынғы полиция қызметкерлері А.Жақсылықов (1970 ж.т.) және Б. Мұхамедьяров (1966 ж.т.) кірген топтың заңсыз іс-әрекетін анықтап, жолын кесті.

Қауіпсіздік сертификатына қатысты
08.08.2019

2019 жылдың 6 тамызындағы жарияланған баспасөз хабарламасына сәйкес, жеке құрылғылардан қауіпсіздік сертификатын алып тастау бойынша нұсқаулық келесі сілтеме http://sts.kz/ru/node/327 бойынша орналастырылғанын хабарлймыз.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Қаруды заңсыз өткізу арнасының жолын кесу туралы
07.08.2019

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.

Ағымдағы жылдың 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4 қызметінің 5 департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды.

Заңсыз есірткі айналымы бойынша сот үкіміне қатысты , Заңсыз есірткі айналымы бойынша сот үкіміне қатысты
31.07.2019

2019 жылғы 25 наурызда ҰҚК қызметкерлерімен жүргізілген тергеу-жедел амалдарының барысында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында Интернет-желісінің көмегімен синтетикалық есірткі заттарының өткізілуін ұйымдастырған Қазақстан Республикасының азаматтары Корнева Валентина Александровна (1966 ж.т.) мен Лещенко Евгения Владимировна (1986 ж.т.) құрықталды.