Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X

Жаңалықтар

Сөз тіркесін іздеу
Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшердегі  героинмен есірткі тасымалдаушыларды ұстау туралы
24.02.2020

2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, ол ұсталғандардың асқазанында тасымалданған.  

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды, құны 50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрады.

Заңсыз қару айналымына қатысы бар адамдарды соттау туралы
24.02.2020

2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті.

Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.

Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

ҰҚК шаңғы тебуден турнирі
20.02.2020

Астаналық мәдениет және демалыс саябағында Ұлы Жеңісінің 75 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ҰҚК 18 бөлімшелерінің жеке құрамы арасында шаңғымен жүгіруден турнирі өткізілді.

Сайысқа 90 астам спортшылары қатысты. Жеңімпаздар медаль және грамоталармен марапатталды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Аймақтық есірткі арнасының жолын кесу туралы
18.02.2020

ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен аймақтық есірткі  арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатыс бар, Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды.

Терроризм актісінің жолын кесу туралы
18.02.2020

2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.

Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топқа қатысушылар сотталды
17.02.2020

2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қ. Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды.

Сонымен, К. Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды,
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және
288-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

ҚАЖД қызметкерлерін ұстау туралы
13.02.2020

ҰҚК департаментінің Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес бағыныстылардан 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД
УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу»)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Атырау қ. мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Синтетикалық есірткі өндіретін  жасырын есірткі зертханасын жою туралы
10.02.2020

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

Сонымен, 2020 жылғы 4 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні құпия орынға қалдыру сәтінде есірткі зертханасын ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар Алматы қаласының «А» деген тұрғыны ұсталды.

Түркістан облыстық соты судьясының  заңға қайшы әрекетінің жолын кесу туралы
04.02.2020

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті. 

Атап айтқанда, Ә. Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған.

2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қ. Ә. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады.

Алматы өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларын ұстау туралы
03.02.2020

2020 жылғы 1 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – «Серик-голова») жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

С. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қ. ПД УҰИ-ға қамалды.