Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X

Жаңалықтар

Сөз тіркесін іздеу
Тәжік-Ауған учаскесінде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны туралы мұрағаттық анықтаманы алу туралы
28.05.2020

2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының №322-VI «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес, Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД-ның шекарасын күшейтуіне қатысқан Қазақстан Республикасының
әскери қызметшілері, басқа елдер аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер санатына қосылған.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл туралы
28.05.2020

ҰҚК Шекара қызметі 2020 жылғы 31 наурыздан бастап РФ ФҚҚ ШҚ-мен Каспий су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесу және ресурстарды күзету бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруда.

Шекара кеңістігінде 98 құқық бұзушы, оның ішінде 14 Мемлекеттік шекара режимін және 71 аумақтық және ішкі су (теңіз) режимін бұзушы ұсталды.

Екі қылмыстық топты жою туралы
27.05.2020

2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қ. мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

 

Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

 

Айыр қалпақты ағайынның алғысы
22.05.2020

Қырғызстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевтан Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне хат жолдап, Ресей Федерациясы Орынбор облысында пандемияға байланысты елдеріне қайта алмаған қырғыз елінің азаматтарын эвакуациялауда көрсеткен көмегі үшін қазақ шекарашыларына алғыс айтты.

Шекарашылар іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді
22.05.2020

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облыстық департаментінің шекара наряды 2020 жылғы 18 мамырда қазақстан-қырғыз шекарасы учаскесінен адамның ізін анықтаған. Іздеу операциясы барысында «К.»  деген азамат ұсталды.

Тергеу іс-қимылдарын өткізу кезінде ұсталған азаматтың ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені белгілі болды.

Тергеу амалдарын одан әрі жалғастыру үшін күдікті ішкі істер органдарына тапсырылды.

 

Синтетикалық есірткі өндіру жөніндегі  жасырын зертхананы жою туралы
22.05.2020

2020 жылғы 17 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша  департаменті жалға алынған гаражда синтетикалық есірткі жасауды және оны «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының «К» деген азаматын ұстады.

Есірткі зертханасында тінту барысында шамамен 500 гр «A-PVP» синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магнитті араластырғыштар, вакуумды сорғы, электр плитасы, сондай-ақ  психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар және 70 литр әртүрлі прекурсор алынды.

Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді  заңсыз егіп-өсіру әрекетінің жолын кесу туралы
21.05.2020

2020 жылғы 14 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша департаменті ҚР ҰҚК Орталық аппаратымен бірлесіп, құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді «гидропоника» әдісімен заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар
«А» деген азаматты ұстады.

«Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерді заңсыз түрлендіруге қатысы бар адамдарды соттау туралы
20.05.2020

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Е-Лицензиялау» мемлекеттік базасындағы мәліметтерді (Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының аса маңызды объектісі болып табылады) түрлендіру жолымен заңсыз лицензиялар берудің қылмыстық схемасын ұйымдастырған адамдар әрекетінің жолын кесті.

 

Қылмыстық әрекет белгілерін "Қазақстанның Киберқалқаны" жүйесі шеңберінде құрылған "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы тіркеген.

Жасырын зертхананы жою туралы
20.05.2020

2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған «С» деген ҚР азаматын ұстады.

 

Шекарашылар декларацияланбаған ақша қаражатын  алып өтпек болған азаматты ұстады
19.05.2020

ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы 2020 жылғы 18 мамырда ҚХР-на кетіп бара жатқан ҚР азаматын ұстады. Заң бұзушы азаматтан қызметтік иттің көмегімен 49 244 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат табылды.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат белгіленген тәртіп бойынша «Нұр жолы» кедендік бекеттің қызметкерлеріне тапсырылды.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі