Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
01.02.2020

2020 жылғы 30 қаңтарда ҰҚК баспасөз қызметі «Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері» РҚБ-мен бірлесіп,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға 60 студент қатысты, олардың алдында ҰҚК ардагері Н.Қ. Құдышев сөз сөйлеп, отандық арнаулы қызмет әрекетінің негізгі бағыттары және оның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызы туралы айтып берді.

Өз сөзінде ол терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл сияқты бағыттарға ерекше тоқталды, сондай-ақ жедел жұмыстағы жеке тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Ардагердің сөз сөйлеуінен кейін студенттерге ҰҚК органдарына қызметке, оның ішінде бейінді Академияға түсу жолымен орналасу үшін негізгі талаптар осы тақырыпқа арналған бейнеролик көрсетумен жеткізілді.

Көрсетілген кездесу студенттердің қызығушылығын тудырып, олар белсенді түрде ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне және ҰҚК Академиясына түсу мүмкіндігіне қатысты сұрақтар қойды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі