Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
12.11.2019

2019 жылғы 6 тамызда  Талдықорған қ. Мамандандырылған өңіраралық соты ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген «Жаркенттіктер» ҰҚТ жетекшілеріне қатысты үкім шығарды.

Сонымен, Ж. Бегімбетов ҚР ҚК 28-бабы 3-б. (қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысушылардың түрлері), 194-бабы 4-б. 1-т. (қорқытып алу), 262-бабы 1-б. (ҰҚТ құру және оған қатысу) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қауіпсіздік деңгейі орташа ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

М. Ниязов жоғарыда көрсетілген баптардан басқа, қосымша  ҚР ҚК 367-бабы 4-б. (пара беру), 392-бабы 1-б. (шекарадан қасақана заңсыз өту) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ұқсас мекемеде жазасын өтеумен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Еске сала кетейік, 2015-2016 жылдары ҰҚК органдары ХТТ контрабандасымен, сыртқыэкономика қызметіне қатысушылардан ақшалай қаражатты қорқытып алумен, алаяқтықпен және т.б.  айналысқан ҚР мен ҚХР азаматтарынан тұратын «Жаркенттіктер» трансшекаралық қылмыстық тобы әрекетінің жолын кескен болатын («Хоргос» ШЫХО, ҚХР ШҰАР «Достық» және «Дулат» постыларында, сондай-ақ Алматы қ. мен Алматы облысының УСҚ маңында).

2016 жылы ТҰҚТ-ның 27 қатысушысы, оның ішінде оларға қамқорлық жасаған кеден қызметінің лауазымды адамдары әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылған болатын. Алайда олардың жетекшілері Ж. Бегімбетов пен М. Ниязов қылмыстық қудалаудан жасырынып, оларға қатысты халықаралық іздестіру жарияланған.

2018 жылдың қыркүйегінде М. Ниязов «Интерпол» желісі бойынша Қырғызстанда ұсталып, Қазақстан Республикасына  экстрадицияланды.

Ж. Бегімбетов ҰҚК қолданған шаралар нәтижесінде 2018 жылдың қарашасында Алматы облысының аумағында ұсталды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі