Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
03.10.2019

2019 жылғы 1 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Терроризмге қарсы орталығының штабы «Діни экстремизм мен терроризм мәселелерін жариялаудағы БАҚ-тың ролі» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. 

Іс-шараға журналистер, ғылыми-сараптау қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

ТҚО штабының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҰҚК баспасөз қызметінің, «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ сарапшылары және қазақстандық дін өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарының радикалды діни идеологияға қарсы қоғам иммунитетін қалыптастыруға қатысуының өзекті мәселелерін қозғады.

Семинардың практикалық бөлігінде журналистердің террористік актілер жағдайындағы іс-қимылдары пысықталды, оны БАҚ-та жариялау ерекшеліктері, оның ішінде шектеулер мен ұсынымдар қаралды.

Іс-шара журналистердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ терроризмге қарсы мемлекет саясатын іске асыруға БАҚ-тың қатысу маңыздылығын өзектендіруге мүмкіндік берді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі