Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

css for mob ver looking good

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
19.11.2018

2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс
іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды.  

17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі