Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
03.02.2020

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен  деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды.

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.

Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.

Тергеу жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі