Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

css for mob ver looking good

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
24.01.2019

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында жүргізген арнайы операция барысында Таяу Шығыс елдеріне әскери авиа техниканы заңсыз жеткізу арнасының жолын кесті. 

Алынған мәліметтер бойынша ҚР азаматтары құрамындағы қылмыстық топ елімізден бірқатар шет мемлекеттердің әскери әуе кемелерінде орналастырылатын авиациялық жабдықтарды елімізден заңсыз алып шығуды көздеген. Заңсыз келісім жалпы саны 122 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 286 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ү.ж. 16 қаңтарында тергеу шаралары барысында жөнелтуге дайындалған әскери бұйымдар жиынтық блоктарымен алынды. Аталған әрекетке қатыстылар ұсталды. Алматы қаласының мамандандырылған сотымен оларға қатысты ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторына жабу үшін қамауға алу санкциясы берілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі