Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
22.05.2020

2020 жылғы 17 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша  департаменті жалға алынған гаражда синтетикалық есірткі жасауды және оны «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының «К» деген азаматын ұстады.

Есірткі зертханасында тінту барысында шамамен 500 гр «A-PVP» синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магнитті араластырғыштар, вакуумды сорғы, электр плитасы, сондай-ақ  психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар және 70 литр әртүрлі прекурсор алынды.

Одан басқа, психотроптық заттың салмағы шамамен 2,5 кг болатын 5 «қойылма» табылып, алынды.

Жиынтығында жүргізілген іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан құны «қара нарықта» шамамен 60 млн. теңгені құрайтын шамамен 3 кг
«А-PVP» психотроптық заты алынды.

 «К» деген азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі