Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
29.10.2019

2019 жылғы 3 ақпанда ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ШҚО бойынша МКД ЭТҚ салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы М. Абдрахмановты жергілікті кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын қорқытып алғаны үшін қылмыс үстінде ұстады.

Қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша 2019 жылғы 13 тамызда Өскемен қ. № 2 сотымен М. Абдрахманов кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 366-бабы 3-б. 1-т. «пара алу» бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

2019 жылғы 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша сот алқасының қаулысымен бірінші инстанцияның сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі