Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
24.10.2020

2020 жылғы 21 қазанда Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Бидайық" автомобиль өткізу пунктінде салмағы 20 тоннаға дейінгі қара металл сынығы жүгін Қазақстаннан әкетудің алдын алды. Жүк қиыршық тас астына (б/п асфальт) жасырылған.

"Қара металл сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 22 қазандағы № 719 бірлескен бұйрыққа сәйкес оны ҚР-дан әкетуге тыйым салынған.

Айта кету керек, бұл өткізу пунктінде жүк астына жасырылған тарифтік емес реттеу тауарларына жататын тауарларды тасымалдау әрекетінің алғашқы фактісі емес.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері тыйым салынған тауарларды заңсыз әкетуге жол бермеу мақсатында өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуге бағытталды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі