Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
19.09.2020

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауын бойлай күзету бойынша қызмет атқару барысында Атырау облысы Исатай ауданы Амангелді елді мекенінің ауданында «Байда» және «Бударка» жүзу құралдарында Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды.

 

Жүзу құралдарын қарап-тексеру кезінде шекара жасағы жалпы салмағы 245 кг 64 дара, аулауға тыйым салынған бекіре тұқымдас балықтарды анықтады.

 

Сондай-ақ құқық бұзушылар ауларды орналастырған жерлерді оңай анықтау үшін қолданатын браконьерлік аулау құралдары мен GPS навигаторлары табылды.

 

Түнде әрекет еткеніне қарамастан, браконьерлерді шекара жасағы дер кезінде анықтады.

 

Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті шекара жасағы құрамының үйлесімді іс-қимылдарының арқасында мемлекетке 100 миллион теңгеден астам сомаға келтірілген залалдың алдын алды.

 

Қазіргі уақытта ұсталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Алынған балық аумақтық ішкі істер органдарына берілді.