Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
13.12.2019

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, 2019 жылғы желтоқсанда прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік өкілінен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алумен байланысты әрекетінің жолын кесті.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден қорқытып алынатын 50 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. («Қорқытып алушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі