Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
21.09.2019

2019 жылғы 12 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесіне (К. Намазбаев, Ж. Қайырбаев, Т. Қалиев, А. Балтұрманов, Н. Кенженов және Б. Жақатаев) үкім шығарды.

Барлық алты айыпталушы ҚР ҚК 197, 216, 244, 245, 262-баптары (мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау, азаматтың салық төлеуден жалтаруы, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) бойынша қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзіміне үкім шығарылды.

Қылмыстық топ қатысушыларынан битумды заңсыз сатудан түскен 3,9 млрд. теңге сомасын және 5 жүк автомашинасын тәркілеу туралы шешім қабылданды.

Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың қыркүйегінде ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін заңсыз әкелуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізген болатын.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі