Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
17.10.2020

2020 жылғы 15 қазанда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті («Қарасу» өткізу пункті) ҚР Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту әрекетін болдырмады.

 

Шекара наряды «Мерседес-бенц» автомашинасын тексеру барысында автомашинаның салонынан төлқұжаттық бақылаудан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты.

Автомашина жүргізушісі мен Қырғызстанның 6 азаматы ұсталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жыл басынан бері қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында Шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес екенін атап өту керек.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында мемлекеттік шекарадағы бақылау іс-шараларын күшейтті.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі