Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

css for mob ver looking good

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
23.01.2019

2019 жылғы 23 қаңтарда Тараз шекара отрядының «Жасөркен» заставасына қарама-қарсы жерде, Қырғыз Республикасының шекара жасағы 10 жылқыны Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына айдап өтпекші болған 3 шекара бұзушыларды ұстау әрекетін жасаған.

Ұстау кезінде шекара бұзушылар суық қаруды қолдану арқылы қарсылық көрсеткен. Аталған жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Нәтижесінде бұзушылардың бірі оқ тиген жарақат алған. Қалған екі белгісіз адам жылқылармен Қазақстан Республикасы аумағында жасырынған.

Сағат 12.15-те оқты жарақат алған шекара бұзушы (Қазақстан Республикасының азаматы, тергеу мүддесінде белгілік мәліметтері жарияланбайды) Талас ауылы ауруханасына тасымалдау кезінде қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Тараз шекара отрядының күштері және құралдарымен шекара бұзушылар мен жылқыларды іздеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қайтыс болған шекара бұзушы бұған дейін ҚР ҚК 392 бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотталғандығын айту қажет.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі