Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
21.01.2020

2019 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша  департаменті ҰҚК «А» АрнМақ күштерін тарта отырып, ҚР ҚК 266-бабы («ТҚҚ әрекетін қаржыландыру») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі «С» деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады.

Көрсетілген адам Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне ақшалай қаражат аударумен айналысқан.

Қаржыландыру жергілікті кәсіпкерлерден қорқытып алу жолымен алынған қаражаттан жүзеге асырылған. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қ. ПД тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 10 қыркүйекте астанада арнайы операция жүргізілген болатын, оның барысында көрсетілген топтың жетекшісі мен мүшелері ойдан шығарылған борыш есебінен қорқытып алу нәтижесінде кәсіпкерден «Toyota» маркалы автомашинаны алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталған.

Ұстау кезінде фигуранттардан «Макаров» жауынгерлік пистолеті мен оған 11 патрон және 5 патроны бар травматикалық пистолет алынды.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі