Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
24.10.2020

2020 жылғы 23 қазанда Ақмола және Қостанай облыстарының аумағында арнаулы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың берілген күштері мен құралдарын басқару дағдылары пысықталды.

Оқу-жаттығудың негізгі элементтері:

- Республикалық жедел штабтың терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік штабтардың іс-қимылын қашықтықтан үйлестіруге дайындығын тексеру;

- биологиялық қауіпті заттарды террористік мақсаттарда пайдалану қатерлеріне ден қою бойынша іс-қимылдарды пысықтау;

- терроризмге қарсы операцияны өткізу орнына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді шұғыл жеткізу тетігін тексеру болып табылды.

Өткен оқу-жаттығу террористер мен олардың сыбайластарын іздестіруге және залалсыздандыруға, қоғамдық көлік пен адамдар көп жиналатын объект жағдайларында кепілге алынғандарды босатуға, құқыққа қарсы мақсаттарда биологиялық қауіпті заттарды қолдану салдарларын барынша азайтуға және жоюға байланысты бірлескен тактикалық міндеттерді орындау бойынша қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшылығы жоғарыда көрсетілген өңірлік жедел штабтардың терроризмге қарсы операцияны өткізуге әзірлігін оң бағалады.