Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
28.11.2019

2019 жылғы 19 қарашада ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚХР екі азаматын уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады.

Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған.

Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде айсайынғы ақшалай сыйақы ұсынған.

Ұсталғандар мойындау түсініктерін берді.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі