Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
13.02.2020

ҰҚК департаментінің Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес бағыныстылардан 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД
УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу»)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Атырау қ. мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу») сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі