Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
06.06.2020

2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан шекарашылары  «Жаңа жол» автомобиль пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға темекінің ірі партиясын (15 000 пачка) кіргізуді болдырмады.

Ұйымдастырушылар заңсыз кіргізу үшін темекіні «СDEK» почталық компаниясы жүгінің астына жасырған.

Темекіге құжаттар мен акциз маркалары болмады.

Ұсталған темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Осы өткізу пунктінде акциз маркалары жоқ темекіні өткізуге оқталғандардың бірнеше мәрте жолы кесілгенін атап өту керек.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі