Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының отырысы туралы
Парақшаны басып шығаруБаспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасының
Терроризмге қарсы орталығының отырысы туралы
11 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҚР ТҚО басшысы, ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Орталықтың кезекті отырысын өткізді.
Консультативтік-кеңесші органның жұмысына министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысты.
Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жетілдіру шаралары қаралды.
Орталықтың 2020 жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, келесі жылға арналған бірінші кезектегі міндеттері айқындалды.
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі