Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
12.12.2019

Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Терроризмге қарсы орталығымен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша негізгі тенденциялар мен 2019 жылы қабылданған шаралар тарқатылды.

Қазақстан үшін потенциалды террористік қауіп-қатер сақталуда.

Елімізде террористік қызметке қатысы болғаны үшін іздеуде жүрген 31 шетелдік азаматтары ұсталды және белгіленген тәртіпте басқа мемлекеттерге берілді.

Бүгінгі күнге дейін 40 қазақстандық жауынгерлер, олардың 65 әйелдері мен басқа да отбасы мүшелері шет елдің бірқатар террористік ұйымдарында жүр.

3 террористік актіні жасауға ұмтылыстарының бастапқы кезеңінде жолы кесілді. Террористік акті Алматы және Қарағанды облыстарының радикалдық тұлғаларымен дайындалды. Террористік актіні дайындауға қатысы бар тұлғалар 6 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 радикалдық топтың және 34 жеке тұлғалардың қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.

Терроризм және діни экстремизммен байланысты қылмыстары үшін барлығы 140 адам сотталды.

Қоғамда аумқыды түсіндіру және оңалтыру жұмыстары жүргізілуде. 907 тұлға радикалданудан бас тартты.

Құқыққа қайшы келетін әрекетке жол бермеуге қатысты қылмыстық іс жүргізу шаралары тек қана сенімін өзгертуге берілмеген тұлғаларға ғана қатысты қолданылады.

Бас бостандығынан айыру орындарында 162 сотталушы радикалсыздандырылды.

Интернеттің веб-ресурсында 14,5 мыңнан астам террористік контент сілтемелері айқындалды. Оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Террористік актіге уақытылы және барабар ден қоюды қамтамасыз ету үшін жыл сайын терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабатарымен 400 артық терроризмге қарсы оқу-жаттығу іс-шаралары өкізіледі.

Тараз қаласында «Темір-жол-Антитеррор-2019» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Қарағанды облысында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының «Сары-Арқа-Антитеррор-2019» халықаралық терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуы өткізілді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында өткізілген «Наёмник» жедел-профилактикалық іс-шаралары нәтижесінде Қазақстанға кіру/Қазақстаннан шығу арналарында терроризмге қатысы бар халықаралық іздеуде жүрген 12 тұлға ұсталды.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі