Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
06.08.2020

2020 жылғы 3 тамызда «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері» РҚБ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына 1 миллион сомасына қаржылай көмек көрсетті.

Атап айтқанда, 20 отбасыға, олардың қатарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған  көпбалалы аналар мен толық емес отбасыларға 50 мың теңгеден берілді.

РҚБ өкілі Қ. Жұмагелдин кез келген қайырымдылық, әсіресе қазіргі жағдайда, әрбір адамның борышы екенін атап өтті.

Қолдау көрген отбасылар ҰҚК ардагерлер ұйымының өкілдеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне жетістіктер тіледі.

Бұрын осыған ұқсас көмек мұқтаж және науқас ҰҚК ардагерлеріне көрсетілген болатын.

 

ҰҚК баспасөз қызметі