Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
13.12.2019

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада балықтардың бекіре тұқымдарын оны одан әрі өткізу мақсатында аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған Атырау қ. жергілікті тұрғындар тобының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті.

Ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 64 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 139 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 11 килограмм қара уылдырық алынды.

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-б. 1, 4-т. («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу»)
339-бабы 2-б. 2-т. («Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі