Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
07.08.2019

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.

Ағымдағы жылдың 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4 қызметінің 5 департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және                  2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды.

Ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі