Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
25.09.2019

2019 жылғы 29 тамызда Қостанай облысының Рудный қалалық соты қарудың елестеткіш түрлерін жауынгерлікке қайта жасау бойынша жасырын шағын шеберхана ұйымдастырған
Д. Басакин мен А. Стенинге атыс қаруы мен жарылғыш заттарды заңсыз өткізгені үшін үкім шығарды.

Сотталушылар ҚР ҚК 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны заңсыз сатып алу, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) және 291-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны ұрлау немесе қорқытып алу) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталды.

Қазіргі таңда фигуранттардың бірі іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жоғарыда көрсетілген адамдарды салмағы 2 кг «аммонит» жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік пистолетті өткізу кезінде ұстау бойынша операция жүргізген болатын.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі