Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
23.12.2020

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың қарашасында «URAN» республикалық қоғамдық бірлестігі берген ақпарат бойынша синтетикалық есірткіні Интернет арқылы сатуға қатысы бар 2 ҚР азаматының қылмыстық әрекетінің жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізді.

Атап айтқанда, «Т» деген бірінші фигурант Канададан курьерлік қызметтер арқылы жеткізілген кезекті жөнелтілімді алғаннан кейін Алматы қаласында ұсталды. Көрсетілген жөнелтілімді тексеру нәтижесінде «ЛСД» психотроптық затының 1000 маркасы табылды, оларды ұсталған азамат Интернет-ресурстар арқылы сатуды жоспарлаған.

«Р» деген екінші фигурантты ұстау синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын тікелей өткізу кезінде жүзеге асырылды.

Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша СДТБТ-да тіркелді, олардың санкциясы 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі