Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
21.09.2019

2019 жылғы 20 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш ауданының аумағындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері елімізге ірі көлемде героин кіргізудің жолын кесті.

1994 жылы туған «Х» деген Тәжікстан Республикасының азаматы басқарған автомашинаны тексеру кезінде онда жасырын орын жабдықтау белгілері анықталған.

Тереңдетілген техникалық тексеру барысында автомашина бамперынан ерекшелік белгілері бар 12 килограмм зат табылып, кейіннен сараптамамен героин деп танылды.

Материалдар белгіленген тәртіпте тіркеліп, азамат «Х»-дан тәркіленген героин мен автомашина сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Жыл басынан бастап Қазақстан шекарашылары Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде заңсыз айналымнан 120 килограмм есірткі затын алды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

IMG-20190920-WA0090.jpg

IMG-20190920-WA0093_1.jpg