Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
22.05.2020

Қырғызстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевтан Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне хат жолдап, Ресей Федерациясы Орынбор облысында пандемияға байланысты елдеріне қайта алмаған қырғыз елінің азаматтарын эвакуациялауда көрсеткен көмегі үшін қазақ шекарашыларына алғыс айтты.

Хатта: «Ақтөбе облысы бойынша шекара департаментінің әскери қызметшілерінің адамгершілікпен қарап, аса сабырлықпен және шыдамдылықпен жүргізген жұмысы арқасында 16 наурыздан бері Орынбор облысы Соль-Илецк қаласында болып, елдеріне қайта алмаған 500-ден аса қырғыз елі азаматтарының Отанға оралуына мүмкіндік туды. Шекара қызметінің барлық әскери қызметшілеріне алғыс айта отырып, өз қызметтерінде жетістікке жетуіне тілектеспін» делінген.

Ежелден «қырғыз қазақ бір туған» деген қағида бар. Қырғыздар –төскейде малымыз қосылған тегі түрік бауырларымыз. Ел басына күн туғанда қол ұшын созған Қазақстан жағы жедел шешім қабылдап, соның ішінде шекарашылар «Жайсан-авто» шекаралық бақылау бөлімшесі арқылы адамдардың үйлеріне тезірек оралуына жағдай жасады.

Шекарадан аман-есен өткен қырғыз ағайындар алдын ала дайындалған автобустармен оңтүстік шекараға жол тартты. Ешкімнен алғыс күтпейтін, қиналғанға қол ұшын беруді –  адамдық парызы, Отан қорғауды  – қасиетті борышы санайтын шекарашылар ары қарай қызметін жалғастырып қала берді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі