Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
25.07.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті.

 

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 8 «Калашников» автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері құжаттандырылды. Аталған қару заңда белгіленген тәртіппен алынды.

 

2019 жылғы 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және «ұрылар қауымдастығы» аталмыш өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар болып табылады.

 

Тінту іс-шаралары барысында фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылды.

 

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылды. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

 

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі