Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

Стиль для блока Другие новости

Мәзір
X
09.06.2020

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы 27 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Алматы қ. және Алматы облысында жүргізген арнайы операция нәтижесінде екі қарсы тұрушы ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.  

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту іс-шаралары барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрі мен 200-ден артық оқ-дәрілер алынды.

Ұсталған топтарға қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде кінәсін мойындап, тергеумен ынтымақтасуға әзірліктерін білдірді. 

Одан басқа, екі күдікті бұрын жасырылған атыс қаруы мен оларға оқ-дәрілерді ерікті түрде беру туралы өтініш білдірді.

Нәтижесінде, 2020 жылғы 1 маусымда Алматы облысының Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында патрондары бар «Калашников» автоматы, «Сайга-410» қылмыстық кесінді карабині және келте аңшы мылтығы табылып алынды.  

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі