Жаңалықтар

2020 жылғы 6-12 желтоқсан кезеңінде ҰҚК ЦДИАӨМ-мен бірлесіп «Қазақстан киберқалқаны» техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеруге, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюға әзірлік деңгейін айқындауға бағытталған «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020» оқу-жаттығуын өткізді.

Баспасөз хабарламасы

2020жылдың 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Алматы қаласы

ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментімен «Ж» жеке медициналық орталығымен ұйымдастырылған ҚР шекарасын заңсыз өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия (ДКК) қорытындыларын сату бойынша қызметі тоқтатылды.
2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларын асыру барысында, жалған ДКК қорытындысын бақылау сатып алу нәтижесінде аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының «Жауынгерлік өнер қауымдастығымен» бірлесіп, «Жас жауынгер» клубының ерекше қажеттіліктері бар балалары үшін ҰҚК-ге ведомстволық бағыныстағы «Балқаш» шипажайында емдеу-сауықтыру шараларын ұйымдастырды.
Жоғары білікті мамандардың бақылауымен балалар толық емдеу курсынан өтті, сондай-ақ олар сапалы қорекпен қамтамасыз етілді.

2020 жылғы 21 қазанда Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Бидайық" автомобиль өткізу пунктінде салмағы 20 тоннаға дейінгі қара металл сынығы жүгін Қазақстаннан әкетудің алдын алды. Жүк қиыршық тас астына (б/п асфальт) жасырылған.
"Қара металл сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 22 қазандағы № 719 бірлескен бұйрыққа сәйкес оны ҚР-дан әкетуге тыйым салынған.

2020 жылғы 23 қазанда Ақмола және Қостанай облыстарының аумағында арнаулы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың берілген күштері мен құралдарын басқару дағдылары пысықталды.
Оқу-жаттығудың негізгі элементтері:

2020 жылғы 21 қазанда Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің («Сырым» өткізу пункті) қызметкерлері 19 қапқа салынған мөлшері 118 дана бекіре тұқымдас балық түріндегі контрабандалық жүкті алып өту әрекетінің жолын кесті.
Тасымалдаушы бұл жүкті пияз салынған қаптардың астына салып, тексеруден жасырған.
Ұсталған Ресей Федерациясының азаматы ҚР-дан РФ-ға жүк автомашинасымен кетіп бара жатқан, ол Байтерек ауданының ПБ қызметкерлеріне тапсырылды.

2020 жылғы 22 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында «Спрут-2020» кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Халықпен жұмыс
- - Сұрақ-жауаптар
- - Жиі қойылатын сұрақтар
- - Кері байланыс
- - Өтініштерді қарау тәртібі
- - Азаматтардың өтініштері санаттарының тізімі
Қызметке қабылдау
2013-2020 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті"
Барлық құқықтар қорғалған
Белгілеп, үстінен басыңыз
Ctrl + Enter