Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Виктор Николаевич Лопатко

Мемлекеттік қауіпсіздіктің құрметті қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері полковник Лопатко Виктор Николаевич 1925 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. 1935 жылы әкесінің қызмет орнының ауысуына байланысты отбасымен Алматыға көшеді.

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

1943 жылы орта мектептің 9-сыныбынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Гомельск әскери-құрлық училищесіне жіберіледі, алайда 1943 жылғы тамызда училище курсанттары майданға аттандырылғандықтан, оны аяқтай алмайды. Осы жылдың қыркүйегінде 70-ші механикаландырылған бригада құрамында Днепр үшін ұрысқа (1-ші Украина майданы) қатысады. 1943 жылдың қазанында жараланып, 1944 жылдың ақпанына дейін госпитальда болады.          1944 жылы жарақатына байланысты мүгедектік алып, Алматыға келеді, онда мемлекеттік қауіпсіздік органдарына жұмысқа кіріседі, ол жерде 1944 жылғы сәуірден бастап 1985 жылы жас шамасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққанға дейін қызмет етеді. 

 

Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Лопатко курсанттан полковникке дейінгі, Қазақ КСР МҚК жедел уәкілінен бөлім бастығына дейінгі жолды өтеді.

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуы белгілі бір тобы жаңа қожайындарға қызмет етуге көшкен және КСРО-ға сіңісу үшін келген гитлерлік режим агентурасына, сатқындарға, жендеттер мен Отанға опасыздық жасағандарға қарсы күрестің тоқтатылуын білдірмейтін.

Қарсы барлау бағыты бойынша жұмыс істей жүріп, Лопатко ұзақ уақыт бойы гитлерлік арнаулы қызметтер агентурасын жедел іздестіру учаскесін жүргізеді. Соғыстан кейінгі қиын жылдарда чекистік қызметтің осы учаскесі маңызды мәнге ие болатын.

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Лопатконың тікелей қатысуымен «Абвер», «Цеппелина» және басқа да гитлерлік барлау органдары агенттерінің, сондай-ақ қолдары кеңес адамдарының қанына малынған жендеттер мен Отанға опасыздық жасағандардың бірқатары анықталды. Осындай опасыздардың көпшілігі кеңес сотына берілді.

1951 жылы Лопатконың қатысуымен соғыстан кейін орын ауыстырған адамдарға арналған лагерьге түсіп, онда шетел барлауының әрекетіне тартылған, ал кейіннен шпиондық тапсырмамен Қазақстанға тасталған «С» деген Отанға опасыздық жасаушы іздеп табылып, тұтқындалды.

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Өз тәжірибесін жас қызметкерлерге бере білумен үйлесімдегі зор еңбекқабілеттілігі, терең білімі мен біліктілігі, жоғары адамгершілік қасиеттері мен кәсіпқойлығы, қарапайымдылығы мен барлық тұрғыдағы: тұрмыстағы, мінез-құлқындағы, қызмет бойынша қарым-қатынастағы жинақылығы Лопатконы ол қызмет еткен МҚК бөлімшелерінде зор құрмет пен беделге бөледі.

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Оның ерен ерліктері мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы табанды қызметі жоғары үкіметтік наградалармен – 1-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және «КСРО мемлекеттік қауіпсіздігінің құрметті қызметкері» белгісімен лайықты түрде аталды.  

Өзі туралы жақсы естелік қалдырған Лопатко В.Н. ауыр науқасына байланысты 1998 жылы өмірден өтті. Лопатконы білетіндердің барлығы оның жоғары адами қасиеттерін, мейірімділігін, жанашырлығын, адамдарға деген махаббатын есте сақтайтын болады.

 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Лопатко керемет отағасы, қамқор жар және әке болатын. Ол жұбайымен бірге ұл мен қыз тәрбиеледі, олар әкелері туралы естелікті қастер тұтады. Лопатконың немересі – Максим атасының жолын қуып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуде. 

Виктор Николаевич Лопатко

 

Дата публикации: 28.11.2019