Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдау тәртібі

Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа толған әрекетке қабілетті адамдар қабылданады. Кандидаттың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене дайындығы және денсаулығы ҰҚО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.    

ҰҚК жедел бөлімшелеріне жасы 23-тен кіші емес азаматтар қабылданады.  

Қызметте болудың шекті жасы 47 жасты (майор атағын қоса алғанда) және 55 жасты (полковниктер үшін) құрайды. Сондай-ақ 25 және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар ҰҚК қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, оның кемiнде 12,5 жылын ұлттық қауіпсіздік органдарындағы үзіліссiз қызмет құрауы тиіс.

Қызметке қабылдау кезінде азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.    

Қызметке қабылдау конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеу.
  2. Алдын ала іріктеуден өткендер үшін конкурс өткізу.

Бірінші кезең. ҰҚО-ға әкімшілік-шаруашылық қызметке қабылданғысы келетін азаматтар тұрғылықты немесе жұмыс орындары орналасқан жерлері бойынша ҰҚК аумақтық органдарына өтініш береді. Қызметке қабылданатын кандидатқа мынадай талаптар қойылады:

  1. офицерлік құрам лауазымына:

жоғары білімі бар адамдар;

кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)  кем болмауы тиіс.

Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес) төмендетуге жол беріледі.

2) сержанттар құрамының лауазымына:

болжанып отырған қызметтік іс-қимылдың бейіні бойынша ұқсас ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар;

қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер;

қатардағы жауынгерлер (матростар), запастағы сержанттар (старшиналар).    

Қызметке:

1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;

2) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

3) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған, қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;

5) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

6) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;

7) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.

Ұлттық қауіпсіздік органдары кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы екенін атап өту қажет.

Іріктеу кезінде кандидат:

  1. кадрлар бөлімшесінде әңгімелесуден; 
  2. заңнамаларды, мемлекеттік тілді және компьютерлік сауаттылық деңгейін тексеру бойынша тестілеуден;
  3. жоспарланып отырған қызмет бағыты бойынша заңнамаларды білуге компьютерлік тестілеуден;
  4. қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеуден;
  5. өзіне,  жақын туыстарына (ата-аналарына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алынған балаларына, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне, қарындастарына, аталарына, әжелерiне, немерелерiне) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстарына арнайы тексеруден өтеді.

Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады:

  1. өз қолымен толтырылған сауалнама;
  2. өз қолымен толтырылған өмірбаян;
  3. қажетті құжаттардың түпнұсқалары (бар болған кезде), оның ішінде:
  • жеке куәлік (не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты);
  • туу туралы куәлік;
  • неке қию туралы куәлік;
  • жалпы орта білімі туралы аттестат;
  • техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса қосымшасымен ортадан кейінгі білімі туралы диплом;
  • жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшасы (транскрип);
  • әскери билет не болмаса тіркеу куәлігі;
  • еңбек кітапшасы не болмаса еңбек жолын растайтын құжаттар;
  • 9х12 көлемдегі үш дана және 3,5×4,5 көлемдегі алты дана фотосурет (бас киімсіз);
  • жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) және зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының құжаттары;

Бірінші кезеңнен өткеннен соң кандидат нақты бос лауазымға тағайындалу үшін конкурсты хабарлауды күтеді. 

Екінші кезең – конкурс.

Қабылданатын лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда аумақтық органның конкурстық комиссиясы кандидаттарды екінші кезеңге өткізу туралы шешім қабылдайды. 

Екінші кезең ҰҚК Орталық аппараты базасында өткізіледі.

Кандидаттар мынадай конкурстық рәсімдерден өтеді:

  • жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру (жазбаша жұмысты орындау);
  • саясаттану бойынша білімдерін тексеру;
  • дене дайындығын тексеру (ерлер – 3000 м., 100 м. жүгіру, белтемірде тартылу; әйелдер – 1000 м., 100 м. жүгіру, кешенді-күштік жаттығу);
  • кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау;
  • медициналық куәландыру.

Конкурс өткізілетін жерге бару және кері қайту, тұрғын жай және басқа да шығындарды кандидат өз қаражатынан төлейді.  

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия офицерлік лауазымға тағайындауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелеріне әскери қызметке қабылдау тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.  

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫНЫҢ

ӘСКЕРИ/АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

         Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел, техникалық және басшы қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы оқу орны.

         Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға іріктеу және қабылдау тәртібі «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен және ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №2 бұйрығымен регламенттелген.   

ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай оқу бағдарламалары бойынша жүргізеді:

  1. жоғары білім бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі;
  2. оқу мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы;
  3. қосымша білім бағдарламасы бойынша, қайта даярлау курстары (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес).

Сонымен қатар оқу орнында Комитеттің жұмыс істейтін қызметкерлері үшін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту бар. 

Қазақстан Республикасының ҰҚК Академиясына немесе шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мыналар құқылы:

  1. жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл) оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған (әскери қызмет өткермеген) азаматтар. Әскери қызмет өткерген азаматтар жиырма төрт жастан бастап қабылданады. Жиырма бес жастан бастап әскери қызметшілер не болмаса арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлер қабылданады;
  2. оқыту мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл) жоғары білімі бар, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары;
  3. қосымша білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес) жоғары білімі бар, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары.  

ҰҚО оқу орындарына түсуге тілек білдірген кандидаттар оқуға түсетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін тұрғылықты жерлері немесе жұмыс орындары орналасқан жерлері бойынша ҰҚК органдарына тестілеуді қай тілде тапсыратындығын және қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. 

Өтінішке мыналар қосымша ұсынылады:

  • жалпы орта білімі туралы қосымшасымен бірге аттестат немесе техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса орта білімнен кейінгі білім туралы қосымшасымен бірге диплом (көшірме);
  • жоғары білім туралы диплом (көшірме), дипломға қосымша (көшірме) (транскрипт);
  • жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
  • туу туралы куәлік (көшірме);
  • алты фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 см);
  • өмірбаян және сауалнама;
  • әскери билет немесе тіркеу куәлігі (көшірме);
  • жоғары білім бар кандидаттар үшін еңбек жолын растайтын құжаттар.

Оқуға зеределенетін кандидатқа мынадай талаптар белгіленеді:

  1. жоғары білім оқу бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл):

орта және ортадан кейінгі кәсіби білімінің болуы;

10-11 сыныптарының оқу табельдері бойынша кандидаттың орта балы дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан төмен болмауы қажет; 

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

  1. қысқартылған оқу мерзімді жоғары білім оқу бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл):

жоғары білімнің болуы;

ҰҚО-ға қызметке қабылданар кезде кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)  кем болмауы тиіс.

Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған  кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес)  төмендетуге жол беріледі;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

  1. қосымша білім беру бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 6 айға дейін):

6 айдан кем емес практикалық қызмет тәжірибесі;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

Оқуға түсуге өтініш білдірген кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Сондай-ақ кандидатқа және оның жақын туыстарына арнайы тексеру жүргізіледі.

Оқуға:

1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;

2) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

3) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған, қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;

5) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

6) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;

7) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.

Ұлттық қауіпсіздік органдары кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы екенін атап өту қажет.

  Арнаулы тексеруден табысты өткен жағдайда кандидат конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен оны зерделеген орын бойынша өтеді. 

Оқуға конкурстық іріктеудің екінші кезеңінен кандидат ҰҚК Академиясында өтеді. Әрбір оқу бағдарламалардың кандидаттары үшін жеке емтихандар кешені өткізіледі. 

ҰҚК Жоғары оқу орындарына кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшем шарттары

 1. Орта білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін жоғары білімнің білім беру   бағдарламалары бойынша ҰҚК Академиясына оқуға түсетін адамдар үшін

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

11

9

7

100 метрге жүгіру (сек)

14,0

14,2

14,8

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12,15

12,45

13,30

 2. ҰҚК Академиясына жоғары білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін қызметкерлер (әскери қызметшілер) үшін

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

15

13

9

100 метрге жүгіру (сек)

13,9

14,4

15,2

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12,10

12,25

12,50

3. ҰҚК Академиясына жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары (оқу мерзімі – 2 жыл) бойынша оқуға түсетін адамдар үшін

Ерлер

1-топ 25 жасқа дейін:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

15

13

9

100 метрге жүгіру (сек)

13,9

14,4

15,2

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12,10

12,25

12,50

2-топ 25-30 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

14

12

8

100 метрге жүгіру (сек)

14,0

14,5

15,3

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

12,20

12,35

13,00

3-топ 30-35 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

12

10

6

100 метрге жүгіру (сек)

14,8

15,4

16,2

3000 метрге жүгіру (мин.сек)

14,0

14,45

15,30

Әйелдер

1-топ 25 жасқа дейін:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

34

30

26

100 метрге жүгіру (сек)

16,6

17,2

18,0

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4,00

4,15

4,35

2-топ 25-30 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

30

26

22

100 метрге жүгіру (сек)

17,2

17,8

18,6

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4,20

4,40

5,10

3-топ 30-35 жас аралығы:

Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу (қанша рет)

26

22

18

100 метрге жүгіру (сек)

17,8

18,4

19,2

1000 метрге жүгіру (мин.сек)

4,40

4,55

5,30

Дата публикации: 20.12.2019