Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Терроризм мен экстремизмге қарсы тұру

Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының басшылығымен «Павлодар-2006» біріккен жедел-тактикалық оқу-жаттығуы болып өтті.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу іс-шарасы Терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес бойынша 2004-2006 арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында өткізілді. Оның мақсаты – лаңкестік шаралардың жолын кесу бағытында тәжірибе жинақтау және азаматтар мен мүліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лаңкестерді, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, сондай-ақ темір жол көлігі нысандарында лаңкестік шаралардың зардаптарын төмендету болып табылады.

Оқу-жаттығу екі деңгейде өткізілді. Бірінші деңгейде темір жол вокзалының күту залында жарылғыш құрылғы табылған жағдайдағы ұйымдастырушылық және іс-жүзінде атқарылуы тиіс жұмыстарды үйлестіру, ал екінші деңгейде Павлодар станциясының бірінші платформасында тұрған «Лениногорск - Астана» бағытындағы жолаушылар поезының үшінші вагонында болған шартты жарылыстың зардаптарын жою шаралары қарастырылды.

Оқу-жаттығуға жергілікті ұлттық қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының жеке құрамы, аталған мемлекеттік құрылымдардың арнаулы қызметінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ облыстық акимат қызметкерлері, төтенше жағдайлар жөніндегі, денсаулық сақтау Департаменттерінің, «ҰК ҚТЖ» - Павлодар тасымалдау бөлімшесі» АҚ және басқа да ұйымдар мен ведомстволардың қызметкерлері қамтылды.

Оқу-жаттығу облыс аумағында лаңкестіктің алдын алу және жолын кесу бағытындағы жедел қызметтердің жоғары деңгейде бірлесе қимылдай білетіндігін көрсетті.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Дата публикации: 19.05.2006